Қамқоршылық кеңес алдында есеп берілді
Қамқоршылық кеңес алдында есеп
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту бізден әлеуметтік дамудың заманауи талаптарына бейімделген тәрбие мәселесінде тұжырымдамалық жаңа технологияларды талап етті. Үдеріс ортасында «Рухани жаңғыру» идеясына негізделген патриоттық тәрбие жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, білім алушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеудің ең тиімді бағыттарының бірі білім алушыларға патриотизмді нығайтуға, ұлттық құндылықтарға ықпал етуге мүмкіндік беретін патриоттық тәрбиелеу мазмұнымен толтырылған іс-шараларға белсене қатысу.
2021-2022 оқу жылы «Алғашқы қоңырау» іс-шарасын өткізумен басталды. Құттықтау сөздер мен өлең жырлар білім күніне арналып айтылды. Алғашқы қоңырау сыңғырынан кейін, «Идеологиялық және тәрбиелік мақсаты - қоғамда Қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау» тақырыбындағы тәрбие сағаттарына ұласты.