«Күз кереметі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. » СШ №57
Жамбыл облысы әкімдінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№57 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 51-03-53
Директор:
+7(7262) 51-40-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күз кереметі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
24
октябрь
2020

«Күз кереметі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.


Тақырыбы: «Күз кереметі»

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.


Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.  Жапырақтардың суреттері,

 Қолдарына жапырақ ұстап  балалар билеп кіреді, жарты шеңбер болып тұрады.

Жапырақтармен би.

Жүргізуші:  Уа халайық, халайық,

                      Мұнда назар салайық.

                      Алтын күзге арналған, 

                      Ертеңгілігімізді бастайық.

Жүргізуші: Армысыздар ағайын. Сәлеметсіздер ме? Қадірлі қонақтар. Бүгінгі мерекелі де, ырысты Алтын күз құрметіне арналған мектепалды даярлық  тобының «Күз мерекесі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Балалар, біреу келе жатқан сяқты. Жапырақтардың артына тығылып қалайық.(Балалар отырып, жапырақтармен беттерін жабады)

Саңырауқұлақ: Кім менің орманымда шулап жүрген?  Мұнда кімдер бар? (Балалар тұрып айтады: Ол біздер! Саңырауқұлақ жапырақтың артынан қарайды).  


Жүргізуші: Саңырауқұлақ ол біздер ғой!

Саңырауқұлақ: А! Бұл сіздер ме? Жапырақтарың қандай әдемі.Қане, мен сендердің жапырақтарыңды алып қоямын. 

Ойын:  «Жасырынбақ»

(Балалар жапырақтарын аттарына тығады, сосын шығарады, солай 2-3 рет ойналады.) 

Ой сендер қандай жылдамсыңдар. Мен сендермен ойын ойнаймын деп шаршап қалдым.

Жүргізуші: Саңырауқұлақ сен шаршасаң біздің балаларымыздың тақпағын, өлеңін тыңда. 


Тақпақ: 


  Әділет                                                        Нұрасыл        

               Келді міне күз                                       Жеміс жидек пісіп жатыр

              Айнала сары түс                                    Түсіп жатыр бау-бақта

              Керемет тамаша                                    Жапырақтар ұшып жатыр

              Қандай әсем күзҰшып жатыр жан жақа

 Ақжүрек                                                         Жалғас

Алтын сары қызыл көк                                    Күзім ау күзім ау

        Алуан алуан жапырақ                                      Мінезің бұзық ау

        Күзгі бақта күлімдеп                                       Жаңбырың себелеп

         Күз тартады атырап                                         Келгенің қызық ау

                  Ернат

          Сап сары маңай

          Сап сары тоғай

          Соңғы әнін айтып

          Құс кетті қайтып


Саңырауқұлақ: Ой жарайсыңдар тақпақтарың қандай тамаша.


Жүргізуші: Саңырауқұлақ біздің балапандарымыз тақпақпен қоса әнді де жақсы айтады.

Ән: «Күзгі вальс»   (Әуез)

Жүргізуші: Саңырауқұлақ, ортамызда сен сияқты  саңырауқұлақтар бар. Олар сеніменбірге  билегісі келеді.

Саңырауқұлақ: Жарайсыңдар балалар! Мен сендердің әндеріңді, тақпақтарыңды естіп шаршағаным басылды. Енді мен өзімнің үйіме оралайын  сау болыңдар.

Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге   Күз келем деп еді, кешігіп жатыр, қане, оны  әнмен шақырайықшы.

Шақыру: келші келші Алтын күз

 (Сиқырлы музыка әуенімен қолына себет ұстап  Күз келеді. Себеттің ішінде жемістер)

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар, күзде менің бағымда көп жеміс-жидектер пісті.Міне мен сендерге алып келдім. Ал сендер 


көкөністер жемістер  туралы ертегі, тақпақ, ән  білесіңдер ме? 


Тақпақтар

          Інжу                                                                            Назерке

Өсіретін бойымды,                                             Алма-алма дейсің

    Дамытатын ойымды.                                          Алма берсем жейсің.

    Қоянға да азықпын                                            Айтпады деме,

    Мен жазықсыз сәбізбін.                                     Алманы жумай жеме.

          Назым                                                                            Әуез

    Мен шиемін, шиемін                                         Мен өрікпін, өрікпін

    Күннің көзін  сүйемін.                                       Табиғатқа көрікпін.

    Қышқыл шырын менде бар ,                              Уылжыған өрікпін,

    Төмен басты иемін                                             Бау-бақшаға көрікпін.


Алтын күз: Жарайсыңдар балалар! Сендер ақылды, білімді балалар екенсіңдер.

Жүргізуші: Алтын күз біздің балаларыз тақпақты айта қоймай әнді де жақсы айтады.

Ән: «Келді міне, Алтын күз!»   (Назым)

Алтын күз: Мына жерде менің кішкентай сіңілдерім отыр екен баріміз бірге ортаға шығып жапырақ биін билейік.

Би: Жапырақ 

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің ұл қыздарымыздың  ата-анасының көмегімен жасалған  күздік сән үлгісін  ду қол шапалақтап , қарсы алайық. 

Сән үлгісі.




Алтын күз: Балалар мен сендерге ризамын. Сендер өнерлі бала екенсіңдер. Мен құр қол келген жоқпын өзімнің сыйымды ала келдім сендерге. Апайларыңа беремін, апайларың топқа барғанда береді. 

Жүргізуші:  Біреу астық түсіріп,

                       Бірдей бидай ұшырып.

                       Жатқан мезгіл күз екен,

                       Астық соны түсініп.

Құрметті қонақтар, осымен «Күз кереметі» атты  ертеңгілігіміз аяқталды.  Ертеңгілігімізге алтын уақттарыңызды бөліп , келгендеріңізге көп-көп рахмет. 


Аспанымыз ашық, жүздеріңіз жарқын болсын! Қош сау болыңыздар. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив