мектеп туралы
№ 57 орта мектебінің даму тарихы
№ 57 орта мектебінің іргетасы 1960 жылы бастауыш мектеп болып ашылды. 1998 жылы негізгі қазақ мектебі болды. 2011 жылы жаңа ғимараттың ірге тасы қаланып, 2012 жылы қараша айында сыйымдылығы 180 орынға арналған жаңа білім ордасы № 57 орта мектебі болып ашылды.
Мектептің ашылу рәсіміне Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, лентасын қыйды. Көптеген құрметті қонақтар қатысып жылы лебіздерін білдірді.
Мектептің білім беру құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы, басқару жүйесі қалыптасқан. Қазіргі таңда мектепте 160 оқушы, мектеп алды даярлық сыныптарында 26 оқушы білім алуда.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тілде атауы: «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 57 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Қазіргі таңда білім мекемесінде 41 педагог қызметкер жұмыс атқарады. Олардың ішінде жоғары және І - санатты мұғалімдер үлесі 32% құрайды. Мектеп ұжымы жыл сайын жас мамандармен толығып отырады. Жас мамандар білікті ұстаздардың қамқорлығына алынып, тәлімгерлер тағайындалады. Мектепте 2007 жылдан бастап Абдуллаева Күләш Мұхтарқызы басшылық жасап келеді. Аталған оқу орыны өзінің қалыптасуы, даму тарихында үздіксіз әрі нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізуде.
Білім ордасында айтулы кездесулер мен маңызды кештер үздіксіз ұйымдастырылады. Бағдарлы сыныпта оқуды жоспарлайтын оқушылардың сұранысы бойынша пәндік мазмұны сәйкес келетін таңдау курстары (Тіл дамыту, Логикалық математика, Жас табиғаттанушы, Қызықты грамматика, Информатика әліппесі, Логикалық математика, Зерттеу және жобалау іс-әркетінің негіздері, Асыл сөз, Тіл мәдениті, Табиғат және адам, Компьютер және біз, Мәдени мұра, Мәңгілік ел, Ақпараттық жүйе әлемі, Физика және эксперимент, Көсбасшы мектебі, Өлкетану, Сөз маржан, Физика және экология , Ақпараттық модельдеу, Абайтану, Тәуелсіздік толғауы, Зайырлылық және дінтану негіздері, ) жүргізіледі. Сонымен қатар «Жас суретші», «Қылқалам», «Шешендік өнер», «Көркем сөз», «Компьютерлік графика», «Халықаралық сауда жолдары», «Шебер қолдар», «Балауса би», «Қолөнер», «Әдеби норма және жаңа қолданыстар» үйірмелер жұмыс жасайды. Қосымша Техникалық шығармашылық орталығынан да үйірмелер жұмыс жасайды олар «Төтенше жағдайда медициналық көмек көрсету», «Бастапқы техникалық модельдеу», «Жаяу жүру туризм», «Роботатехника», «Математика».
Білім мекемесінің соңгы 5 жыл аралығындағы жетістіктеріне тоқталсақ. 2012 жылы аудандық «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты фестивальде ІІІ-орынды иеленді. 2013-2014 оқу жылы VI облыстық Көркем өнерпаздар фестивалінде «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркем өнерпаздары шығармашылығының VI облыстық фистиваліне мектептің информатика пәнінің мұғалімі Әкім Аңсар Бүркітбекұлы қатысып, Гала концертте үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен және грамотамен марапатталса, мектеп директоры К. М. Абдуллаева «Үміт» театрлық қойылымын сахналап, үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
2013 жылы Тараз қаласы инновациялық – гуманитарлық университетінің «Қала күні» мерекесіне орай үйымдастырылған спорттық ойындар жарысында № 57 орта мектептің педагогикалық ұжымы «Ең үздік спортшы» номинациясын және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н: Джанғазиев кір тасын көтеруден ІІ-орынмен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қалалық «Алтын сақа» турнирінде № 57 орта мектеп «Үздік төреші» номинациясымен марапатталса, мектебіміз Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай үйымдастырылған қалалық фестивальде үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен, 2015-2016 оқу жылы қалалық «Салауатты мектеп» байқауында І-орынмен марапатталды. Қазақстан ұстаздары қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақстан тарих» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып 1-орын иеленді. Облыстық «Тәуелсіз елдің ұландары» атты облыстық пікір-сайыс турнирінде ІІІ орын. Тарих пәнінің мұғалімі Алишерова Ф.К. Облыстық «Жас талап» телеойынында алғыс хатпен, 3-орынмен мараппаталды. Информатика пән мұғалімі Барманбекова А.Т. 2017 жыл. Халықаралық «Шығу жолы бар» логикалық есептер шығару байқауында 2-дәрежелі дипломмен мараппаталды. Математика пәнінің мұғалімі Қозыбақова Ф.Т. Республикалық «Ustazdar.kz» сайтында «Үздік ашық сабақ» байқауында 1-орын иеленді Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ералиева Қ.А. 2016 жыл Халықаралық «Копилка уроков» сайтында авторлық бағдарламасы жарияланып сертификатталды. Информатика пәнінің мұғалімі Топчубаев Р.А. 20.11.2016 жыл Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мадақтама. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Джанғазиев Н.М. Жамбыл облысы әкімдігінің ғылыми әдістемелік бөлімі диплом. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Джанғазиев Н.М. Қалалық Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай волейбол жарысында І орын Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері СопбековТ, Тотай Ж,Джанғазиев Н. Қалалық Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай баскетболдан жарысында І орын. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері СопбековТ, Тотай Ж, Джанғазиев Н.
<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}