07
январь
2020
Әбенова Ғайни Әлімбекқызы
Әбенова Ғайни Әлімбекқызы

1991 жылдан бері бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек етіп келеді.. 2009 жылы «Жылдың үздік радиотілшісі» атанды. 2010 жылы «Қазақстан Ұлттық арнасы» 50 жылда тұңғыш өткізген республикалық журналистер байқауында «Қилы тағдырлар» радиобағдарламасы бас жүлдені жеңіп алды. Республика ақындарының 1994 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Қарлығаш» жыр жинағына бір топ өлеңдері енді. Ал, 2000 жылы Жамбыл облысы ақын-жазушыларының «Атамұра» баспасынан шыққан топтама кітабы, 2000 жылы «Жүрегімдесіңдер менің», 2005 жылы «Ақша бұлттар арасында арман бар», «Көңілімде боздап тұрды бозінген» атты кітаптары баспадан шықты.
«Азия дауысы», «Жас қанат» халықаралық байқауларда Назгүл Дүйсенбаеваның орындауындағы мәтінін жазған ән лауреат атанды.
2003 жылы «Қанатты әйел» республикалық байқауының арнайы жүлдесіне ие болды. Қазір Жамбыл облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасында редактор болып қызмет атқарады. 2013 жылы «Айна» тарихи-танымдық және «Айша бибі» хабарлары үшін Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.