№57 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
№57 орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
Хаттама № 3
Күні: 24.04.19ж №57 орта мектеп
Сағат: 17-00
Қатысқандар:
1. Мектеп директоры: К.М Абдуллаева
2. Директордың құқықтық - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Скакбаева
3. Қамқоршылық кеңес мүшелері мен төрайымы
Күн тәртібінде:
2018-2019 оқу жылының қараша – сәуір айларындағы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі.
Тыңдалды:
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Н.Қ Рысбаев сөз алды. Өз сөзінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр. Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс» деп атап өтті.
Қамқоршылық кеңес жиналысының шешімі:
Қамқоршылық кеңес алдындағы есеп қанағаттанарлық деп танылсын.
Қамқоршылық кеңес мүшелері:
- Сихымбаева Жеңіскүл Назарбековна
- Исмаилова Оразкүл Сейдкаримовна
- Нуруллаев Бекзод Муратович
- Мангатова Гульзада Серикболовна
- Махамбетова Айнұр Алимхановна
- Мазнева Зинаида Трофимовна
- Сеймаханова Маржан Сәрсенбекқызы
- Испанкулова Меруерт Лесқызы
- Смагулова Индира Сериковна
- Рысбаева Самара Термечиковна
- Тұрлыбекова Жанар Кутыбековна
- Керімбаева Райхан
- Боранбаева Сандуғаш Белгибаевна