Мақала. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. » СШ №57
Жамбыл облысы әкімдінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№57 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 51-03-53
Директор:
+7(7262) 51-40-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мақала. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.
05
май
2020

Мақала. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.


  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жарияланған ұлттық сана туралы заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек , -деген еді және тұтас қоғамның  әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтті. Олар: Бәсекелік қабілет- тұтас халық, табысты ұлт болашағы үшін  бәсекелестік қабілеттерін арттырса ғана  жүзеге асады. Прагматизм- ұлттық және жеке байлығыңды үнемдеу, ысырапшылдыққа жол бермеу, барлық істі жоспарлай алу,  ата-баба салт –дәстүрлерін жаңғырту, ұлттық мәдениетімізді қалыптастыру. Ұлттық бірегейлікті сақтау- бұл бағытта елбасымыз екі ережені ұсынды. Біріншісі-ұлттық код , ұлттық мәдениетті сақтау. Екіншісі –ұлттың дамуына кедергі болатын кертартпа әдеттерден арылу. Ол үшін ұлттық рухымыз мәңгі бойымызда қалу үшін өнеріміз бен әдебиетімізді , салт –дәстүрлеріміз бен дана бабаларымыздың өлең-жырлары арқылы рухани мәдениетімізді қалыптастырамыз. Білімнің салтанат құруы- бұл бағытта мемлекет басшысының «Табысты болудың ең іргелі ,  басты факторы –  білім екенін әркім түсіну керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»- деген пікірі ерекше әсер қалдырды. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы- әлемдегі революциялық оқиғалардың түп тамырында ұлтымыздың  дамуына кері әсерін тигізетінін , экономикалық күйреуіне алып келетінін атап өтті . Ол үшін  қоғамның да саяси партиялар , қозғалыстар мен қатар білім беру жүйесінің де дүниетанымдық , рухани жұмыстарының бірі ,- деп көрсетті.   Сананың ашықтығы – отбасы, ошақ қасынан басталатынын , жаһандық әлемге еркін кіріп, кәсіби байланыс құру үшін, туған тілімізбен қатар жаппай ағылшын тілін үйренуге шақырды. Дамыған мемлекеттерден үлгі алып , табысқа жету мақсатында олардың озық тәжірибесін мойындау үшін «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі қаңсық» - деген мақаланы мысалға келтірді.

   Әрбір ұлттың өзіне сай рухани коды болады. Сол салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру арқылы мәдени болмысымызды ұстап қаламыз. Оны жаңғыртатын Кімдер? Не арқылы? Қалай ? деген сұрақтар туындайды. Бәсекелік қабілет бағытында «Үш тілде білім беру» ұлтымызды, яғни, барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы екенін атап өтті. Елбасы әр жолдауында білімге ерекше назар аударады. Табысты болудың ең іргелі факторы компьютерлік сауаттылық , шет тілдерін білу , төл тарихымызды жаңғырту, туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтау, экологиялық апатқа жол бермеу керек екенін ойып айтты. 

 Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады , демекші елбасының салиқалы саясатын насихаттау мақсатында  мектебімізде түрлі іс-шаралар жоспарланған. Соның бірі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында  «Туған жерге туыңды тік» атты салтанатты іс-шара өтті. Мақсатымыз – мемлекет басшысының мақаласында жариялаған айқын басымдықтарын жеткізу, жұртшылықты мектеп өміріне тарту, қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру болатын. Іс-шараға ауыл азаматтарымен қатар , мектебіміздің танымал түлектері , физика-математика ғылымдарының кандидаты, Тараз педагогикалық университетінің деканы, профессор Темірхан Бижігітұлымен, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі белгілі журналист, ақын, бірнеше кітаптар жинағының авторы Ғайни Әлімбекқызы және Қазақстан-Тараз телеканалының директоры , облыс маслихатының депутаты , қоғам қайраткері Мейрамбек Төлепбергенұлы кешіміздің қадірлі қонақтары болуы ерекше көңіл сыйлады. Себебі, Мейрамбек Төлепбергенұлы өз сайлаушыларына елбасының мақаласын егжей-тегжейлі талдап, мектебіміздің жаңа ғимаратының бой түзеуіне мұрындық болған ауыл азаматтардың белсенділігін тілге тиек етті. Темірхан Бижігітұлы мектебімізге өзінің  жаңалықтарымен бөлісіп, оқушыларға өте құнды ғылыми ақпарат беретін кітаптарын сыйға тартып , мемлекетіміздің өркендеуіне , дамуына ғылымның ерекше орнын түсіндірді және барша қауымды білімге , ғылымға шақырды.Темірхан Бижігітұлы мектеп өмірімен тығыз байланыста болуына байланысты физика саласында тәлімгерлік еткен шығармашылық топ бірнеше қалалық , облыстық байқаулардың жеңімпазы атанды. Сонымен қатар,  мектепішілік жыл сайын өткізетін  ғылыми жобалар байқауының комиссия мүшесі. Ғайни әпкеміз төркінінде толқып , туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі,оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайтынын жырларымен жеткізгені дүйім жұртты толғандырды. Мектебімізді қала берсе ауылымызды жасыл желекпен көмкеретінін, туған жерінің гүлденуіне аянбай көмек ұшын созатынын жеткізді. Танымал түлектеріміздің жетістіктері және ой-пікірлері баршамызға үлкен ой салдырды . Әрбіріміздің туған жерімізді еске түсіріп, бір мезетке балалық шағымызды еске алып толқуымызға мұрындық болды. Өскелең ұрпаққа үлгі болып, ұстаздарымызға шабыт сыйлады. Жиынымыз мектеп мұғалімдерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Облыстық , республикалық байқаулардан жүлделі оралған ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың ән, би, арнауларын  тамашалады.Қонақтарды ерекше ойға қалдырған қалалық «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» фестивалінде 1-орын жүлдені қанжығасына  байлап, облыстық байқауға жолдама алған мектебіміздің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Исатаеваның сценариіне жазылған «Заман көріністері» атты сахналық драмасы болды. Себебі, бұл көріністе заманымызда орын алған бірнеше проблемаларды бір отбасы  оқиғасы ретінде көрсетуге тырыстық. Басты рөлде бастауыш сынып мұғалімі А.Бөпежанованың әртістік қабілетін атап өтуге болады. 

    Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторын орындау мақсатында, мектебімізде ата-аналардың қамқоршылық кеңесі құрылған болатын. Қамқоршылық кеңесі «Туған жерге саяхат» атты жобасы бойынша жұмыс жасайды. Мақсаты: оқушылардың  саяхат ету арқылы туған жерінің тарихын, географиясын зерттеу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриотизмді қалыптастыру. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы С.Назарбекова өз сөзінде қамқоршылық кеңесінің жұмысы жайлы және атқарылған іс-шаралары туралы баяндай келе , мемлекет басшысының мақаласында жарияланған ұсыныстарына тоқталып, халықты жұмыла ат салысуға шақырды.   Сонымен қатар , мектеп өміріне белсенді қатысып, өскелең ұрпақтың болашағына қол сыбанып қатысып жүрген, әртүрлі қайырымдылық, демеушілік акциялардан алыс қалмайтын  Өксікбаева Күнсулу, Қалмахан ата, Тазабеков Әуесхан , Мусабеков Дінмұхан сияқты азаматтардың аттарын атап өтті. Сөзін жалғастыра, Көлтоған шағын ауданына жаңа мектептің құрылысы ерекше көрік берумен бірге , жергілікті тұрғындардың проблемасына айналған су , жол , жарықтандыру мәселесінің шешілгенін, көп жылдардан бері тұрғындардың орындалмас арманына айналған көгілдір отынның да жұмыстары жалғасын тапқанын қуана жеткізді. Елбасы саясатын бұлжытпай орындап жүрген билік басшыларына дән ризашылықтарын білдірді. 

     Мектептің қазіргі таңда бірқанша жетістіктері жаңа меткептің бой көтеруімен тығыз байланысты. Себебі,  жаңа мектепке көшу арқылы оқушыларымыз бен мұғалімдеріміздің шығармашылық дамуына, сыныптан тыс қосымша сабақтар өткізуіне, түрлі үйірмелер ашылуына мүмкіндіктер туылды. Атап айтсақ, Техникалық шығармашылық орталығының «Жаяу туризм», «Төтенше жағдайдағы медициналық көмек көрсету», «Робото техника» , «Математикалық логика», «Комьютерлік графика және анимация», «Бастапқы техникалық үлгілеу» атты үйірмелерге   158 оқушы қамтылған. Бұрын апатты мектебімізде бары- жоғы 7 компьютермен жұмыс жасасақ, қазіргі таңда 31 компьютердің барлығы интернет желісіне қосылып, 5- интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттерде оқимыз. Осындай көңілге толы жағымды жаңалықтарға бай  концерттік бағдарламасы мектебімізде оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін шығармашылық қабілеттерін, жоғары патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған  «25 ән 25 кітап» жобасы аясында «Атамекен» әнін көрермендермен көңілдене шырқап, асқақ рух, патриоттық сезіммен аяқтадық. 

 Сананың жаңғыруының негізгі қағидаларын қалыптастыруға , мақсатымызға жетуге мемлекет басшысының ұсынған бірнеше жобаларын тиімді пайдалануымыз қажет.  Біріншіден , қазақ тілін кезең-кезеңімен латын алфавитіне көшу болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуына зор ықпалы тиетіні айдан анық болып отыр. Бұл жөнінде Президентіміз жарлыққа қол қойып та қойды. Қазіргі таңда мемлекетіміздің түпкір-түпкірінде латын алфивитіне көшу қызу талқылануда.  Екіншіден , «100 жаңа оқулық» жобасы гуманитарлық бағыт бойынша әлемдегі ең маңызды 100 оқулықты қазақ тіліне аудару. Бұл жастардың дүние жүзіндегі түрлі үлгілерін танысуға мүмкіндік береді. Үшіншіден  туған жердің гүлденуіне ,көркеюіне ат салысу  , оның мәдениеті мен салт-дәстүрін жаңғырту, мәдениетін қалыптастыру мақсатында  «Туған жер» бағдарламасында патриотизмнің ең басты үлгісі орта меткептен туған жердің тарихын үйренуден басталады деп көрсетті.Төртіншіден , халықтың санасына жалпы ұлттық қасиеттер ұғымы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын ұсынды. Бесіншіден,  «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» ұлттық мәдениетімізді іріктеу, мәдени қазыналарымызды әлемге таныту, азаматтарымыз дүние жүзіндегі ең басты тілдерде сөйлеу,  жетістіктерімізді жаһанға көрсете алу. Алтыншыдан , мемлекетіміз Тәуелсіздікті алған 25 жыл ішінде  қыруар істі атқарып, ел дамуына елеулі істер жасаған , елімізді дүние жүзі аренасында асқақтатқан ел азаматтарын асқақтату мақсатында «100 жаңа есім» жобасын ұсынды. Қорыта келе, «Жаяудың шаңы шықпас ,жалғыздың үні шықпас» дегендей,  заманға сәйкес жаңғыру , санамызды өзгерту, жас ұрпақтарға маңызын түсіндіру –  жүрегі елім деп соғатын әрбір қазақстандықтың басты міндеті деп білемін.


Тараз қаласы №57 орта мектеп директоры 

                                                                                          Абдуллаева Күләш Мұхтарқызы.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив