Баяндама. Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы. Мектеп директоры Абдуллаева К.М. » СШ №57
Жамбыл облысы әкімдінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№57 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 51-03-53
Директор:
+7(7262) 51-40-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баяндама. Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы. Мектеп директоры Абдуллаева К.М.
20
май
2020

Баяндама. Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы. Мектеп директоры Абдуллаева К.М.

Жамбыл облысы

Тараз қаласы

№57 орта мектептің директоры

Абдуллаева Күләш Мұхтаровна 

                Жаңартылған білім мазмұны- заман талабы

     Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған «Бес институционалдық реформа - «100 нақты қадам» Ұлт жоспары» аясында тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығы мәлім.Қазіргі таңда Білім беру саласының өзекті 12 мәселесі қарастырылуда.

  1. Орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшу
  2. Мектептегі бес күндік оқу аптасы
  3. 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу
  4. Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі
  5. Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесі
  6. 2019 жылдан бастап жоғары сыныптарды пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу 
  7. Біріңғай оқулықты енгізу
  8. Оқу материалдары
  9. Шағын жинақты мектептермен жұмыс
  10. ҰБТ- дағы өзгерістер
  11. Мұғалімдер жүктемесі
  12. Мектептердің есеп беруін азайту және мұғалімдермен тікелей байланыс.

     Жаңартылған білім мазмұны не үшін қажет?-  деген сұрақ туындайды. Қазіргі оқушы- ұлтымыздың болашағы екендігін ұмытпауымыз қажет. Бәсекеге қабілеттілік –заман талабы болып отыр. Сол  үшін де, мемлекетіміздің әрбір  азаматы болашақта көшбасшы болу қажет.  Жаңартылған білім мазмұнының басты мақсаты оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, яғни алған білімін өмірде қолдана білу. Теорияны практикамен жалғастыру. Қоғамда өз орнын қиналмай табу. Өмірге бейім болу.  Мұндай қабілет қалыптастыру үшін оқушыларға классикалық білім берумен  қатар, сыни, шығармашылық ойлауға , топ ішінде жұмыс жасауға үйрету керек.  Біздің қазіргі таңда үйретіп жүргеніміздің барлығы оқу –жазу дағдылары, азаматтық сауаттылық, ақпараттық коммуникациялық технологиялар , математика  , мәдениет күнделікті тұрмыстың қарапайым мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.  Ал жаңартылған білім мазмұны адамның күрделі тапсырмаларды орындауға ықпалы болары сөзсіз.Сол үшін де балалардың бойына білімқұмарлық, ынталылық, табандылық , көшбасшылық, жалпы адамзаттылық құндылық қасиеттерін сіңдіру қажет. Елімізде жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Алайда халық арасында жаңартылған білім мазмұнына теріс пікірлер орын алуда. Бұл  адамдар арасында жаңартылған білім мазмұнының басты мақсат - міндеттерін жетік түсінбеген азаматтардың көзқарасы деп білемін. Сол үшін де ұлт болашағын ойлаған  білім саласындағы қызметкерлер халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймын. Сынақтан өткен мектептердің табыстарын , оң нәтиже көрсеткенін, ата-аналармен , оқушылардың қолдауына ие болғандығын, мұғалімдердің оқыту процесінің жеңілдене түскендігін халыққа жеткізуге  міндеттіміз.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив