«Абай өзінің туған халқымен мәңгі бірге жасайды»
Тараз қаласы №57 орта мектеп директоры
Абдуллаева Күләш Мұхтарқызы
«Абай өзінің туған халқымен мәңгі бірге жасайды»
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын мектебімізде кезектен тыс педагогикалық кеңесте кеңінен талқыладық. Талқылау барысында мемлекет басшысының ұстаздарға қойған мақсат –міндеттеріне баса назар аудардық. Ол міндеттер : ілгері көшке ілесіп қана қоймай ,алдыңғы қатардан орын алу. Ол үшін білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы Абай тойына болған ұстаздарға сыйы деп білемін.
Мемлекет басшысы мақалада:«Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бастамалардың бірі. Бұл – сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы, кез-келген қоғамда ұстаздың орны бөлек. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Ұстазға құрмет көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің міндетіміз. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек» -деп ұстаздарды қуантты.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен дана ,дегендей Абай еңбектері өскелең ұрпақтың рухани азығы деп білемін. Себебі Абайды әлемдік деңгейде мойындады. Қазақ дегенде Абайды ,Абай дегенде қазақты ойға алатындай дәрежеде із қалдырған дана, дара Абаймен бүкіл қазақ елі мақтаныш ету керек. Абай еңбектері адамзат өмірінің туғаннан бастап , өмірінің ақырына дейін өмір ережесі жазылған.Мен мақаладан ерекше әсер алдым ,себебі Абайдың тұлғасын,болмысын шынайы келбетін мемлекет басшысы аса зор бейнелеген. Менің өзім де мынадай ой пайда болды: Егер де мемлекет басшысы Абайды жан-жақты керемет бағасын беріп ,осылай асқақтатса онда ондай Президент өзінің халқын да солай биікке көтере алады. Әсіресе «Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп, бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық» деген сөз қатарынан қатты әсерлендім. Осы мақаланы жазуыма да сол себепші болды.
«Тамағы тоқтық ,жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» , «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей»-деп әкем бізге ұстаным ретінде көп айтушы еді. Сонда Абайдың дана сөздерімен бізді сусындатқан екен ғой. Хакім Абайдың өсиет сөздерін орта жасқа келгенде ғана кейбір қылып жүрген қателеріме тоқтау салғаным шындық. Мысалы бірінші қара сөзінде: «Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ» деген қатарынан бала тәрбиесінде тәрбиеден гөрі , малын түгендеуді маңыздырақ көретіндерге үлкен терең ой салады.Сол үшін де Абай шығармаларын тек мектеп қабырғасында емес отбасында да сіңдіру қажет. Осы мақсатта Мемлекет басшысының Абай туралы мақаласын отбасында оқып беруді насихаттаймын. «Бұл жиындарда Абайдың тұлғасы мен мұрасы жан-жақты зерделеніп, оның шығармашылығын ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанның игілігіне пайдалануға жол ашылады» дегеніндей ары қарай қай салада да ойып алар орны бар Абай қара сөздерін егжей –тегжейлі барлық мекеме орындарда талдануы қажет деп ойлаймын. Сонда ғана рухани дамимыз, сонда ғана өркениетті ел болып, Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейтіні сөзсіз.
Тел:87073899513