2017-2018 оқу жылы І-жарты жылдық есеп » Страница 2 » СШ №57
Жамбыл облысы әкімдінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№57 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 51-03-53
Директор:
+7(7262) 51-40-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2017-2018 оқу жылы І-жарты жылдық есеп
14
январь
2018

2017-2018 оқу жылы І-жарты жылдық есеп

2017-2018 оқу жылының І-жартыжылдығындағы мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының үрдісіне талдау.

 

Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр.

Н.Ә.Назарбаев

Мектеп-жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін, білім ордасы,бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған ел мұрасын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақ, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заманда да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзектімәселелердің біріне саналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.

76-қадам. 12 жылдық білім берудікезең-кезеңімен енгізу,функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.

89-қадам. «Нұрлы Болашақ»ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына«Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

2017-2018 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.

Төмендегідей нормативтік-ақпараттық құжаттар негізінде жұмыс жүргізілді: Өткен оқу жылында педагогикалық ұжымның жоғарыда аталған мектеп тақырыбы бойынша жұмыс істеу барысында төмендегідей міндеттер шешілді:

1.Пәндер бойынша білім негізін салатын, білім стандарттарын игеру деңгейін қамтамасыз ететін оқу жоспары құрылып, бекітілді.

2.Педагогикалық шығармашылықты дамыту және түрлі бастамаларды іске асыру мақсатында мектебімізде әдістемелік жүйе қалыптасты.

3.Жаңа білім беру технологияларын , соның ішінде денсаулық сақтау технологияларын игеру арқылы педагогикалық шеберлікті көтеру әдістері жетілдірілді.

4.Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша пәндік әдістемелік бірлестік жұмысы белсенді жүргізілді, сабақтың дәстүрлі емес түрлерін дайындау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылау технологиялары жетілдірілді.

5.Білім беру үрдісінің мониторинг және диагностика жүйесі, кәсіби құзырлық және педагогтерді әдістемелік дайындау деңгейі жалғасын тапты.

6.Сабақтарда тест қолданып, қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Сол арқылы 10-сынып оқушыларын ҰБТ жаңа форматқа дайындау және

9-сынып оқушыларын ОЖСБ –ға дайындау жұмыстары жүргізілді.

7.Жекелей оқытуды қолдану жолдарымен оқытудың сапасы жетілдірілді.

8.Пәндік және кәсіби білім бойынша жеке тақырыптар мен бағдарлама бөлімдері оқытылып , тақырыптық жоспарлар талқыланды.

9.Пән және әдістеме апталықтары, жалпы білім беру пәндері бойынша байқаулар мен олимпиадалар өткізілді.

10.Ашық сабақтарды ұйымдастыру және оларға қатысу жолға қойылды.

11.Кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары бекітілді. Осы бұйрық бойынша Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. «Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізілуде:

·2016 жылғы 1 қыркүйектен 1 сыныптар үшін, 2017 жылғы 1 қыркүйектен 2, 5 және 7 сыныптар үшін, 2018 жылғы 1 қыркүйектен 3, 6, 8 және 10 сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен 4, 9, 11 және 12 сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі.

·5-7 сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыруда ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты,

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары,

·«Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары басшылыққа алынды.

№57 орта мектебінің бастауыш сынып және пән мұғалімдері курстан өтті. Бүгінгі таңда екі бірінші сыныпта 25, 2-сыныпта 24 , 5-сыныпта 23 бала, 7-сыныпта 13 оқушы жобаға сәйкес 5 жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша білім алуда.

І және ІІ-тоқсанда 2,5,7- сыныптарда:

1.Күнделікті қалыптастырушы бағалау
2.Бөлім бойынша жиынтық бағалау
3. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау алынып, модерация жасалды қорытындысы шығарылды, рубрика жазылып, ата-аналармен таныстырылды.

Тоқсандық жиынтық бағалау төмендегі тәртіппен жүргізіледі:

•Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады.

•Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.).

•Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.

•Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі.

•Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды.

•Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.

Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әрбір пән мұғалімі өзі немесе жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасынан (smk.kz) кем дегенде екі нұсқадан дайындайды және ол тапсырмалар білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды, әрине бұл кәсіби біліктілік пен терең білімді қажет ететін үдеріс. Білім алушының тоқсандық бағасы бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалаудың 50 де 50 үлесінен қорытылып шығарылады, яғни екеуінің үлесі тең. Сондықтан да құрметті ата-аналар сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері жиынтық бағалау болатын күнді оқушыларға және сіздерге алдын ала ескертіп, арнайы тапсырмалар береді. Ал сіздердің міндеттеріңіз балаларыңыздың жиынтық берілген тапсырмаларды үйден қайталап жиынтық бағалауға дайындалып келуін қадағалау.

 

2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.Мемлекеттік даму бағдарламасында көрсетілген индикатор бойынша мектебімізді үстіміздегі жылдың қорытынды білім сапасы 62% және 2018-2019 оқу жылында 70% көрсетуі керек. Ол дегеніміз жылдың аяғында мектебімізде үздік және екпінді оқушылар саны 113 болуы керек деген сөз. І-жартыжылдық қорытындысы бойынша үздік және екпінді оқушылар саны 79, яғни біз межелеген мақсатқа жету үшін әлі де біраз бірлескен жұмыстар атқаруымыз тиіс. Мемлекеттік даму бағдарламасын орындау мақсатында мектебімізде үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыстар жасалып, мектепішілік бақылау жоспары бойынша әрдайым білім сапасы назарға алынып, мониторинг жасалуда. Мониторинг қорытындысына тоқталсам: №57 орта мектебін 2017-2018 оқу жылының І-тоқсанын 182 оқушы аяқтады. Оның ішінде 1-4 сыныптар-98 оқушы, 5-9 сыныптар-80 оқушы, 10-11 сыныптар -4 оқушы. Жалпы 2-11 сыныптарда 156 оқушы 17 озат оқушы, 55 екпінді оқушы білім сапасы 45%. 2016-2017 оқу жылындағы білім сапасы 44%, салыстырғанда +1%

ІІ-тоқсанынды 181 оқушы аяқтады. Оның ішінде 1-4 сыныптар-97 оқушы, 5-9 сыныптар -80 оқушы, 10-11 сыныптар-4 оқушы. 2-11 сыныптарда 155 оқушы оның 21 үздік 58 екпінді оқушыдар, 76 орташа оқитын оқушылар білім сапасы 51%, І-тоқсанмен салыстырғанда +6% өскен. Қорыта айтқанда 2017-2018 оқу жылының ІІ-тоқсанындағы білім сапасы 51%, І-тоқсанмен салыстырғанда +6% өскен. Өткен 2016-2017 оқу жылының І-жартыжылдығында білім сапасы 44,8%болған , 2017-2018 жылдың ІІ-тоқсанында-51% , өткен жылмен салыстырғанда+6,2% өскен.

І-тоқсан


Барлығы

5 пен 4-ке бітіруші оқушылар саны

Білім сапасы

2

3

4

5

6

7

8

9



10



№57

156

72

46%

16

10

12

10

5

5

9

4

1

 

 

ІІ-тоқсан


Барлығы

5 пен 4-ке бітіруші оқушылар саны

Білім сапасы

2

3

4

5

6

7

8

9



10



№57

155

79

51%

14

11

14

12

7

6

9

5

2

 


7-8 желтоқсан күндері қалалық олимпиадаға мектебімізден 4 оқушы қатысты қорытындысы бойынша 9-сынып оқушысы Болатбеков Мейрбек информатика пәнінен 3-орынды иеленді, пән мұғалімі Топчубаев Рахматтулла. Өткен оқу жылында мектебімізден қалалық олимпиадаға 5 оқушы қатысып, біреуі жүлдегер атанды. Олимпиада бойынша өсу байқалмайды, сондықтанда мектепте дарынды оқушылармен жұмыс күшейтілді.

2017 жылы 10-қазан күні сағат 12.00-де Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің 2017 жылға арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстарын іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарының 12-тармағын орындау мақсатында және «Мамандық-өмір таңдауы» тақырыбында мектепішілік кездесулер ұйымдастыру туралы №161 бұйрықты орындау мақсатында Тараз қаласында орналасқан «Дим-Ка» кондитерлік фабрикасының директоры Екатерина Ибрагимовнаның, ауыл шаруашылық қожалығының басшысы Эльмира Алтеевамен кездесу ұйымдастырылды.



Кәсіби бағдар жұмысын жандандырып, оқушылардың өзі таңдаған кәсіпке қызығушылығын арттыру мақсатында оқу жылының екінші жарты жылдығында 9-10 сынып оқушыларын ай сайын бір рет жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарына, өндіріс орындарына экскурсияға шығару жоспарлануда. Және де осы қаңтар айының он тоғызы күні мектебімізді үздік бітірген, табысты және танымал түлектер 8-9-10 сынып оқушыларымен ашық сабақ өтеді. 2017-2018 оқу жылында «Қазақстан тарихы», «География» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда өткізу үшін жылына 5 сағат бөлініп отыр. Осыған орай мектебіміздің 5-6-7 сынып оқушылары тарихи-мәдени ғимараттар мен музейлерде 3 сабақ өткізіп, ұмытылмас әсер алып қайтты. ІІ-жартыжылдықта 2 сағат мектептен тыс жерлерде өткізілу жоспарлануда.

Әдістемелік жұмыс жүйесі бойынша І жарты жылдық есебі

2017-2018 оқу жылы 


Мектеп жұмысының барлық жүйесін біртұтас байланыстыратын мұғалімнің педагогикалық шеберлігін көтерудің маңызды құрамы әдістемелік жұмыс. Әдістемелік жұмыс «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық технологияларының ерекшеліктерін үйрене отырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру» тақырыбында жұмыс жасайды. Әдістемелік орталық инновациялық, әдістемелік және мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу мен жалпылауда

-Педагог кадрлармен жұмыс;

-Мұғалімдердің өз білімін жетілдіру;

-«Озат тәжірибе» мектебі;

-Педагогикалық мониторинг (рейтинг);

-Аттестация жұмысы;

-«Жаңашыл әдістің көшбасшылары» кәсіби қоғамдастығы;

-«Ізденіс» оқушылардың ғылыми қоғамы;

-«Жас мамандар мектебі»;

-Кәсіптік байқаулар (мұғалімдер мен оқушылардың қатысуы) бағыттарында жұмыс жасайды.

Мектеп жұмысының ең басты бағыты-педагог кадрлармен жұмыс. Бүгінде мектебімізде барлығы 41, 33 жоғары, 8 арнаулы білімді педагог қызмет атқарады. 2017 жылы педагогтардың жалпы санынан жас педагогтар 3,0 % үлесін құрауы тиіс. 2017-2018 оқу жылы 10 жас маман жұмыспен қамтылған. Жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша 1-4 жыл аралығындағы жас мамандардың үлесі 25%-ды құрайды. Биылғы оқу жылы жас мамандар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 3%-ға артып отыр.

 


 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында педагог кадрлардың сапалық құрамын арттыру 52%-ды құрау міндеттелген. Аталған оқу жылындағы педагогтардың жалпы санынан бірінші және жоғары санаты бар педагогтардың үлесі 32%-ды құрайды. Бұл -18% көрсеткішті көрсетеді. Алдағы жылдарда педагогтардың сапалық құрамын жоғарылату, кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылған.

 


 

Педагог шеберлігін шыңдауда кәсіптік байқаулардың алатын орны ерекше. Осы орайда мектеп мұғалімдері қалалық, облыстық, қашықтықтан ұйымдастырылған республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарына үздік жұмыстарын жариялады. І жарты жылдық қорытындысы бойынша Республикалық ғылыми-әдістемелік журналға 5 ашық сабақ жоспары, 1 баяндама, облыстық газетке 1 жұмыс жарияланды. Бұл өткен оқу жылындағы І жарты жылдық қорытындысымен салыстырғанда 3% артты.

Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда біліктілікті арттыру курстарының орны ерекше.

Метепте деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің саны 7;

Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде курстан өткен мұғалімдер-18;

«Билингвалды Пән мұғалімі» бағдарламасы бойынша В1 деңгейінде-2 педагог;

Ағылшын тілін үйрену курсы бойынша -3 педагог;

«Мектеп үйлестірушісі» курсы бойынша -1педагог;

«Мектеп тренері» курсы бойынша -2 педагог;

«Робототехника негіздері» курсы бойынша -2 педагог білімді жетілдіру курстарынан өткен. 

2017-2018 оқу жылы І жарты жылдық қорытындысы бойынша 7/17% педагог білімін жетілдіру курсынан өтті. Бұл өткен оқу жылындағы І жарты жылдық қорытындысымен салыстырғанда -6% кем.

 

2017-2018 оқу жылы МДЖ жоспары жасалып,

«Жаңашыл әдістің көшбасшылары» кәсіби қоғамдастығы құрылды.

МДЖ-жоспары бойынша мектепішілік коучинг, қоғамдастық, тәлімгерлік, «Lesson Study» үдерісі, «25 ән, 25 кітап» жобасы жүргізілді.

Ұстаздар арасында мектепішілік «Құрылымдалған рефлексия» «Орта мерзімді жоспар», «Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру-педагог шеберлігі», «Критериалды бағалау» тақырыптарында коучингтар өткізілді.


«Құрылымдалған рефлексия» тақырыбындағы коучинг



 


«Орта мерзімді жоспар» тақырыбындағы коучинг

 


«Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру-педагог шеберлігі», «Критериалды бағалау» тақырыптарында өткен коучингтар

 


«Блум түймедағы», «9 ромб», «Сана тунелі», «Топтық жұмыс» 

Нәтижелі ұйымдастырылған коучинг барысында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби сұхбаттар, талқылау жүргізіледі.

МДЖ-ның даму бағытының бір саласы «Lesson Study» үдерісі. «Lesson Study» үдерісіне «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңбері» аясында 1,2,5,7-сыныптарға сабақ беретін 6 педагог қамтылды. Жоспарға сәйкес қазақ тілі, сауат ашу, математика пәндерінен ашық сабақтар ұйымдастырылып, 3 циклдан тұратын зерттеу сабақтары өткізілді. Нәтижесінде педагогтарда сабақ мақсатына жету, әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану, оқушының даму сатысындағы деңгейін бақылау, «Сана тунелі» әдісін қолдану арқылы оқушы қажеттілігін қанағаттандыру тәсілдері дамыды. Оқушыда топтық жұмысқа бейімделу, топта ынтымақтастық атмосферасын құру, көшбасшылық, таным белсенділіктері дамыды.

Әріптестерде тәжірибемен бөлісу, ынтымақтастық орта, талқылау, жоспарлау, зерттеу, бақылау үдерістері жүрді.

 

«Lesson Study» үдерісі бойынша жүргізілген сабақтар көрінісі

 

 


 

«Lesson Study» үдерісі бойынша сабақ барысын ұйымдастыру,

талдау, талқылау сәті.

 



1 «а» сынып жетекшісі

Мелдебек Зейнеп


Математика пәнінің мұғалімі Тулаганова Азиза




 «Сана тунелі» әдісі Топтық жұмыс

 


Сонымен қатар, оқу жылында тәжірибе алмасу мақсатында

«Үздік ашық сабақ» үлгілері көрсетілді


Өзін-өзі тану сабағы, 7-сынып

Тақырыбы: «Адам бақыты»

 


 



Алматы қаласы ҚР Жалпы білім беретін ұйымдарының басшыларының жаңартылған білім мазмұны бағдарлама бойынша басшылардың 9 айлық курсы (1- бетпе-бет)


Мектептегі тәжірибе (Қоғамдастық үдерісі)


Мұғалімдер арасында коучинг-сессия үдерісі.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар шығармашылығы




 

«Озат тәжірибені» жинақтау, тарату мақсатында 2016-2017 оқу жылы қалалық деңгейде 2 семинар өткізілсе, биылғы оқу жылы сәуір айында «МИФ» әдістемелік бірлестігі "Математика" пәндері бойынша 1 қалалық семинар жоспарланған.

 

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР КӨРІНІСТЕРІ (2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ)


 



Дарынды балалармен жұмыс (ғылыми жұмыстар, дистанционды , пәндік олимпиадалар, интеллектуалды марафондар, шығармашылық байқаулар)



Желілік қоғамдастық

«Ізденіс» оқушылардың ғылыми қоғамы оқушыларды ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына қарқынды ықпал етеді. Мектепте «Ізденіс» оқушылардың ғылыми қоғамы құрылған. «Ізденіс» оқушылардың ғылыми қоғамына мектеп психологының көмегімен сауалнама алу арқылы анықталған 32 оқушы кіреді. І жарты жылдық бойынша дарынды оқушыларымыздың байқауларға қатысу көрсеткіші 2016-2017 оқу жылының І жарты жылдық қорытындысымен салыстырғанда 17%-ға өскендігі байқалады. Атап айтқанда І жарты жылдық қорытындысы бойынша қалалық байқау 4 орын, облыстық байқау 2 орын, Республикалық «Ақ бота» интелектуалдық марафоны 2 орын, Халықаралық «Русский медвежонок» байқауы 1 орын, «Пони» байқауы 1 орын, Республикалық қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиададан 6 орын, Республикалық «Құс жолы» өнер байқауы 1 орын.

 




Мектептің 2017-2018 оқу жылындағы

материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет

Мектеп -1973-құрылған, 2012 жылы сыйымдылығы 180 орынға арналған мектеп ғимараты салынып қолданысқа берілді.

Жалпы алаңы -2,0615м2

Жұмыс алаңы -1822,63м2

Кітапхана алаңы- 12 орындық 67,02,м2

Асхана алаңы -60 орындық 318,09 м2

Мектепте 18 оқу кабинеттері және акт залы 1-112- орын, медицина кабинеті бар. Интерактивті тақтамен жабдықталған-3 кабинет бар. Мультимедиялық кабинет -1, компьютерлік кабинет-1, шеберхана-2, спорт зал -1, компютер саны-31.

Оқушыларды тасмалдауға ПАЗ-32054 маркалы автобус берілген. Мемлекеттік нөмері H847 АЕ08

2017-2018 оқу жылында мектепте 182 оқушы білім алады. Оның ішінде 25% Жиделі шағын ауданынан тасымалданады . Былтырғы оқу жылымен салыстырылғанда 2% артып отыр.

Оқу жылдар аралығы

2016-2017о.ж

2017-2018о.ж

1

Жалпы балалар саны

160

182

2

Жиделі ш/а тасымалданатын балалар саны

37

46


2017-2018 оқу жылында

1.2 комплект шағын жинақталған мектепке арналған бағдарламалық – аппаратты комплексі берілді. Жалпы сомасы 912 640 тенге.

2.2 класс комплект жиhаз бөлінді:

-оның ішінде 5-11 сыныптарға арналған 15- дана оқушы үстелі, 30-дана оқушы орындығы, 1-дана киім ілуші шкафы, 1-дана кеңсе шкафы, 1-дана мұғалім үстелі, 1-дана мұғалім орындығы.

1-4 сыныптарға арналған 15-дана оқушы үстелі, 30-дана оқушы орындығы, 1-дана киім ілуші шкафы, 1-дана кеңсе шкафы, 1-дана мұғалім үстелі, 1-дана мұғалім орындығы.

3.Мектептің жылу жүйесі «Жамбыл-Жылу» МКК қамтамасыз етеді.

4.Мектепте техникалық қауіпсіздік сабақтары тәрбие сағаттарында өткізіледі. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары мектеп қызметкерлеріне айына бір рет техникалық қауіпсізідігі бойынша инструктаж өткізеді. Мектепте өртке қарсы дабыл қағу қондырғылары, ішкі және сыртқы 8 дана бейнебақылау камералары орнатылған.


 


 

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының есебі

Тәрбие– халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты– жалпы адамзаттық құндылықтар идеясына негізделген демократиялық қоғамда өмір сүре білетін бәсекеге қаблетті, азаматтық санасы қалыптасқан, шығармашылық ойлау қабілеттері дамыған, жаңа заманға лайықты, білімді, өнегелі, өз Отанын сүйе, қадір тұтатын, рухани адамгершілігі мол, жан-жақты қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтыннегізгі қағидалармыналар:
тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

Тәрбиенің негізгі міндеттері:

Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін жетілдіру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін кеңейту;

Өз Отанын құрметтеуге, азаматтық пен патриотизмге, сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу;

Тұлға мен ұжым дамуындағы жаңа технологияны қолдану барысында тәрбие үрдісінің нәтижесін өз өмір тәжірбиесінде пайдалана білуге тәрбиелеу;

Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, салауатты өмір салтын сақтауға бағыттау;

Мемлекет пен құқықтық туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Осы міндеттерді іске асыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 01 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген тәрбие тұжырымдамасы бойынша тәрбиенің басым 8 бағыттық жұмысы қамтылды.

Олар:

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Осы бағыттағы атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ

«Сыңғырла алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиыны.


«Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық ұйымдастырылды.


18-29 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды.

 


 

 

Сонымен қатар жыл басында Қазақстан Республикасы пезиденті Н. Ә. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында жоспар құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында жасақталған кабинет ашылды.


 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында мектеп дәлізіне стенд жасалынды

 


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында мектебімізде «Туған жерге туыңды тік!» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кешті мектеп ұжымы ата-аналарға арнап ұйымдастырды. Кеш қонақтары Қазақстан Тараз телеарнасының директоры, облыстық маслихаттың депутаты, қоғам қайраткері Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепьерген, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі және табыстиы түлектеріміз Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығының лауриаты, Ақын-журналист Мұратбаева Ғайни Әлімбекқызы, Физика – математика ғылымдарының кандидаты, професссор, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Физика-математика» факультетінің деканы Темірхан Бижігітұлы қатысты. БАҚ өкілдерінен «Қазақстан Тараз» телеарнасында және облыстық «Ақжол» газетінде жарияланды.





«Зерде» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Туған жер – туған ел» атты ашық тәрбие сағатын өткізді

 

 


 

«САҚ» киностудиясының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бейнефилім көрсетілді


Әр аптаның дүйсенбі күні 4 сабақтан кейні мектеп дәлізінде лездемеде «100 ән, 100 кітап» жобасы аясындағыа «25 ән, 25 кітап» жобасын іске асыру мақсатында халық әндері айтылып шығу тарихы оқылады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Lhujjf
3 апреля 2023 19:54
zetia ca <a href="https://methotpl.today/">order methotrexate 5mg generic</a> generic methotrexate 10mg
Jmwmlx
5 апреля 2023 14:48
purchase levaquin without prescription <a href="https://buybup.site/">bupropion 150mg brand</a> cost zyban
Ymfftl
5 апреля 2023 23:31
buy warfarin 2mg generic <a href="https://warfaonline.store/">order warfarin generic</a> allopurinol 300mg canada
Akprhy
7 апреля 2023 07:52
cetirizine 5mg uk <a href="https://allergipl.site/">zyrtec 10mg for sale</a> buy zoloft pills
Tdrfxu
8 апреля 2023 16:01
purchase escitalopram online cheap <a href="https://buynaltor.store/">cheap naltrexone 50mg</a> naltrexone pills
Erhtln
9 апреля 2023 23:45
buy generic femara <a href="https://buyvgrtbs.com/">buy sildenafil online</a> cost viagra
Srnpxr
11 апреля 2023 04:49
tadalafil 5mg tablet <a href="https://clsedtad.com/">tadalafil on line</a> buy ed pills without a prescription
Mjhcbi
12 апреля 2023 23:47
ivermectin 3 mg over the counter <a href="https://getprdsne.com/">buy deltasone 20mg generic</a> buy accutane without a prescription

generic modafinil 200mg <a href="https://buymodapl.com/">buy modafinil 200mg</a> cost deltasone 40mg
Aglhok
14 апреля 2023 01:38
buy amoxil 250mg generic <a href="https://atbaztho.com/">zithromax pill</a> buy prednisolone 5mg
Mtwggw
14 апреля 2023 20:18
accutane without prescription <a href="https://proisotrepl.com/">order isotretinoin pill</a> order azithromycin 250mg without prescription
Yhsyil
15 апреля 2023 11:05
buy neurontin 600mg sale <a href="https://abnetn.com/">buy gabapentin tablets</a> vibra-tabs usa
Fgpqgw
16 апреля 2023 15:59
prednisolone 20mg without prescription <a href="https://laproonline.com/">cost furosemide 100mg</a> purchase furosemide without prescription
Zqgpep
16 апреля 2023 19:36
ventolin 4mg for sale <a href="https://albuinhal.com/">albuterol cheap</a> purchase synthroid
Oddesm
18 апреля 2023 04:01
clomiphene cheap <a href="https://aclophen.com/">purchase clomiphene online</a> buy cheap plaquenil
Pabrim
19 апреля 2023 06:30
doxycycline for sale online <a href="https://xaugonline.com/">augmentin 625mg for sale</a> buy augmentin 625mg generic
Tdhmqs
20 апреля 2023 12:42
synthroid price <a href="https://buylvxonline.com/">vardenafil 10mg pills</a> levitra tablet
Dmjwox
21 апреля 2023 18:51
glycomet price <a href="https://buygluphx.com/">glycomet uk</a> order amlodipine 10mg pill
Jsxykx
22 апреля 2023 02:18
buy praziquantel <a href="https://biltrip.today/">order microzide 25mg</a> buy generic cyproheptadine 4mg
Awreig
13 мая 2023 01:54
avanafil generic <a href="https://bstavan.com/">cost avana 200mg</a> buy diclofenac 100mg online
Ehlnnm
15 мая 2023 15:58
purchase nolvadex sale <a href="https://datamofn.com/">tamoxifen 10mg usa</a> buy cefuroxime generic
Ivtcuz
16 мая 2023 03:29
buy cheap generic amoxicillin <a href="https://gettrimprox.com/">order generic amoxicillin 500mg</a> biaxin online order
Eiyqfe
17 мая 2023 15:43
where can i buy clonidine <a href="https://topspiri.com/">purchase spiriva</a> tiotropium bromide 9mcg sale
Dmkwck
16 июля 2023 16:11
order etoricoxib 60mg generic <a href="https://mesalacol.com/">buy generic mesalamine 400mg</a> astelin buy online
Szszoi
29 сентября 2023 20:23
play poker online <a href="https://doxtoponline.online/">san manuel casino online</a> buy generic ventolin 2mg
Agbiiu
1 октября 2023 11:42
roulette online for real money <a href="https://avenonline.online/">live blackjack</a> topical ivermectin cost
Fgflsd
1 октября 2023 12:11
symmetrel 100mg for sale <a href="https://atenulfon.shop/">avlosulfon 100 mg over the counter</a> order aczone generic
Iqfawt
3 октября 2023 04:52
casinos online <a href="https://gauinonline.online/">free online roulette</a> buy synthroid 75mcg generic
Cgtwki
4 октября 2023 19:01
medrol 16mg pills <a href="https://arisceon.com/">triamcinolone online</a> triamcinolone sale

clomiphene generic <a href="https://azatophene.shop/">imuran tablet</a> imuran over the counter
Pxgwuw
6 октября 2023 09:13
generic vardenafil 20mg <a href="https://atizordis.com/">zanaflex canada</a> tizanidine over the counter
Xojccr
8 октября 2023 10:11
generic phenytoin 100mg <a href="https://sumentin.shop/">phenytoin buy online</a> oxybutynin 5mg ca